Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 22 қараша 2026 $ 455,9↑€ 500,1↑₽ 5,56↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» ұстанымын қоғам белсенділері қолдады • Шолпан Есмағанбетова Дариға Бадықова туралы видеосын жариялады • Netflix сериалында Алматы көріністері пайда болды • Алина Ри Miss Universe сахнасында 5 млн теңгелік алтын бүркіт қанатымен өнер көрсетті • Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты үш тасжол учаскесі жабылды • Jah Division тобының негізін қалаушы Герберт Моралес 64 жасында қайтыс болды • Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» ұстанымын қоғам белсенділері қолдады • Шолпан Есмағанбетова Дариға Бадықова туралы видеосын жариялады • Netflix сериалында Алматы көріністері пайда болды • Алина Ри Miss Universe сахнасында 5 млн теңгелік алтын бүркіт қанатымен өнер көрсетті • Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты үш тасжол учаскесі жабылды • Jah Division тобының негізін қалаушы Герберт Моралес 64 жасында қайтыс болды •

    Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты

    Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты

    5 қазанда Ақтаудағы №1 мектепте футбол ойыны кезінде 10 және 11-сынып оқушылары арасында төбелес болды. Жанжалдан кейін 10-сыныпта оқитын екі жасөспірім қабылдау бөліміне жеткізіліп, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Криминальный Казахстан» Telegram-арнасына сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Жасөспірімдердің бірінің анасының айтуынша, сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан. Ол ұлының жоғары сынып оқушысына бірінші болып соққы жасағанын жоққа шығармайды. Алайда әйелдің айтуынша, бұған дейін жоғары сынып оқушысы жасөспірімді арандатқан және қорқытқан. Кейін жанжалға 11-сыныптың басқа оқушылары да араласқан.

    Төбелестен кейін 10-сыныпта оқитын екі оқушы медициналық көмекке жүгінген. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Анасының айтуынша, ұлы бірнеше рет есінен танып қалған. Оған денесінің көгеріп, жарақат алғаны анықталып, жүрегі айнып, басы айналған.

    Білім бөлімінде оқиғаның болғанын растады. Жанжалға қатысушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылған. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.

    Фото: Azattyq Rýhy

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →