Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Үндістанда қабылан үйге кіріп, алты адамды жарақаттады

    Үндістанның Чхаттисгарх штатында қабылан тұрғын үйге кіріп, бір отбасының алты мүшесін жарақаттады. Үш адамның жағдайы ауыр, олар ауруханаға жеткізілді.

    Үндістанда қабылан үйге кіріп, алты адамды жарақаттады

    Сурет: magnific.com

    Үндістанның Чхаттисгарх штатында қабылан тұрғын үйге басып кіріп, бір отбасының алты мүшесін жарақаттады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жыртқышпен алғашқы болып 55 жастағы Уттарибай Ядав бетпе-бет келген. Әйел сыртқа шыққан кезде қабылан оған шабуыл жасады.

    Содан соң жануар үйге кіріп, отбасының қалған мүшелеріне де тап берді.

    Үйдегілер қабыланды бір бөлмеге қамап, өздері далаға шығып үлгерді. Кейін полиция мен орман шаруашылығы қызметкерлерін көмекке шақырды.

    Оқиға орнына келген мамандар бірнеше сағаттан кейін жыртқышты ұстап, қауіпсіз жерге алып кетті.

    Қабыланның шабуылынан алты адам зардап шегіп, барлығы ауруханаға жеткізілді. Үш адамның жарақаты ауыр болғандықтан, олар ем алу үшін штат астанасындағы медициналық мекемеге ауыстырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →