Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 22 қараша 2026 $ 455,9↑€ 500,1↑₽ 5,56↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайбергеннің концертінен көрініс әлеуметтік желіде талқыға түсті • Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» ұстанымын қоғам белсенділері қолдады • Шолпан Есмағанбетова Дариға Бадықова туралы видеосын жариялады • Netflix сериалында Алматы көріністері пайда болды • Алина Ри Miss Universe сахнасында 5 млн теңгелік алтын бүркіт қанатымен өнер көрсетті • Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты үш тасжол учаскесі жабылды • Димаш Құдайбергеннің концертінен көрініс әлеуметтік желіде талқыға түсті • Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» ұстанымын қоғам белсенділері қолдады • Шолпан Есмағанбетова Дариға Бадықова туралы видеосын жариялады • Netflix сериалында Алматы көріністері пайда болды • Алина Ри Miss Universe сахнасында 5 млн теңгелік алтын бүркіт қанатымен өнер көрсетті • Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты үш тасжол учаскесі жабылды •

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны шағын құрамда келіссөз жүргізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны шағын құрамда келіссөз жүргізді

    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Президент мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Оман Сұлтанының Қазақстанға жасаған бірінші сапарының маңызды оқиға екенін атап өтті.

    – Аса мәртебелі Сұлтан, елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Сізді қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Мұның тарихи мәні ерекше екеніне сенімдімін. Өйткені бұл елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жандандырып, жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Бұған дейін атап өткендей, өзара ықпалдастықтың әлеуеті мол. Мұны толығымен іске асыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысы елдеріміз сенімді серіктеске айналуы үшін барынша күш салатынын айтты.

    – Қазақстандықтар еліңізге ерекше құрметпен қарайды. Оманға саяхаттап барған азаматтарымыздың қатары қалың. Алайда Маскатты, Оманның басқа да қалаларын көрмеген отандастарымыз бар. Елдеріміз арасында қосымша тікелей коммерциялық әуе рейстері ашылса, барыс-келіс әлдеқайда жандана түсері сөзсіз. Сіздің сапарыңыз аясында Доңға мұнай кен орнына қатысты маңызды келісімге қол қойылғанынан хабардармын. Бұл да қос тараптың өзара қарым-қатынасты ілгерілетуге мүдделі әрі дайын екенін көрсетеді. Мұны ортақ жетістігіміз деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алғанын жазған едік.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →