Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • Роднина Канада премьер-министрінің виза шешіміне жауап берді • Астанада дипломаттар арасындағы шахмат турнирінің жеңімпазы анықталды • Ташкентте Қазақстан киносының күндері өтті • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • Роднина Канада премьер-министрінің виза шешіміне жауап берді • Астанада дипломаттар арасындағы шахмат турнирінің жеңімпазы анықталды • Ташкентте Қазақстан киносының күндері өтті •

    Абай облысында көлік ұрлап, өртеген жасөспірімдерге сот үкімі шықты

    Абай облысында көлікті айдап кетіп, өртеп жіберген төрт жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Үш жасөспірім жауаптылықтан босатылып, біреуіне 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

    Абай облысында көлік ұрлап, өртеген жасөспірімдерге сот үкімі шықты

    Сурет: pexels.com

    Абай облысында автокөлікті айдап кетіп, кейін өртеп жіберген төрт жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сот материалдарына сәйкес, кәмелетке толмағандардың екеуі түнгі уақытта Бобровка саяжай алқабында серуендеу мақсатында «ВАЗ-2115» маркалы автокөлігін айдап кетуге келіскен. Кейін олар көлікті бос жатқан жерге апарып, өртеп жіберген. Оқиға салдарынан көлік иесіне 1,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын келген.

    Бұдан кейін жасөспірімдердің бірі көршісінің үйіне кіріп, электр арасын ұрлаған. Сондай-ақ басқа көліктен дыбыс колонкасын алып кеткен.

    «Бірнеше күннен кейін Н. Бобровка саяжай алқабында көршісінің тұрғын үйіне кіріп, одан электр араны ұрлаған. Бұдан бөлек, басқа көлік құралына да кіріп, дыбыс колонкасын жымқырған. Ұрлық жасағаннан кейін кәмелетке толмаған Н. оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші үш кәмелетке толмағанды жәбірленушімен татуласуына және келтірілген зиянды өтеуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған», – делінген сот хабарламасында.

    Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш жасөспірімді кінәлі деп танып, жәбірленушімен татуласуына және келтірілген залалдың өтелуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатты. Оларға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылды.

    Ал төртінші жасөспірімге қатысты сот оның кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне өкінгенін және кәмелетке толмағанын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

    Сот үкімі заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →