Қазгидромет 29 қыркүйекке ауа сапасы болжамын жариялады
Қазгидромет 29 қыркүйекте Алматы, Өскемен, Ақтөбе, сондай-ақ түнде Атырау, Петропавл және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады.
Сурет: istockphoto
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жария етті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Хабарламаға сәйкес, 29 қыркүйекте Алматы, Өскемен және Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау, Петропавл және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
