Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 27 қыркүйек 2026 $ 442,8↑€ 504,4↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев бір топ әскери қызметшіні «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады • Маңғыстаудағы оқу-жаттығуда қаза тапқан әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталды • Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады • Шайдоров Братиславадағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды • Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026-да спорттық жүрістен алтын алды • TikTok эфирінде балағаттаған тағы екі қазақстандық әйел қамауға алынды • Тоқаев бір топ әскери қызметшіні «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады • Маңғыстаудағы оқу-жаттығуда қаза тапқан әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталды • Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады • Шайдоров Братиславадағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды • Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026-да спорттық жүрістен алтын алды • TikTok эфирінде балағаттаған тағы екі қазақстандық әйел қамауға алынды •

    Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Сердар Бердімұхамедов пен Гурбангұлы Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады.

    Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Президент Сердар Бердімұхамедовке және Түрікменстан халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы, Аркадаг Гурбангұлы Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мемлекет басшысы бауырлас Түрікменстан бұл мерейлі межені беделді, дамыған мемлекет ретінде қарсы алып отырғанын, осынау жетістіктердің түп негізінде түрікмен халқының ынтымақ-бірлігі, бай мәдениеті мен жасампаз рухы жатқанын атап өтті.

    Тәуелсіздік алған сәттен бері елдеріңіз әлеуметтік-экономикалық жаңғыруда, халықтың әл-ауқатын арттыруда таңғаларлық табысқа қол жеткізді. Өзінің бейтарап ұстанымынан айнымаған мемлекет ретінде халықаралық позициясын күшейтті. Қазақстан Түрікменстанмен достық қатынасын ерекше бағалайды, тату көршілік және өзара қолдау сипатындағы сан қырлы серіктестікті нығайтуға айрықша мән береді, – деп жазылған жеделхатта.

    Қазақстан Президенті Түрікменстан басшылығының мемлекет мүддесі жолындағы қызметіне толайым табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →