Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенттігіне сайлануымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайлануымен құттықтады. Сайлау 26 қыркүйекте Самарқандта өтті.
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер әрі меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын отандасымызға толайым табыс тіледі.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланды.
Сайлау 26 қыркүйекте Самарқандта 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасымен қатар өтіп жатқан ұйымның Бас ассамблеясы аясында өтті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Тимур Турлов мүмкін болған 196 дауыстың 110-ын жинады.
