Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 26 қыркүйек 2026 $ 442,0↓€ 502,5↓₽ 5,20↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада су тарифі көтеріледі: жиналған қаражат ескі құбырларды жөндеуге жұмсалады • Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты • Қазақстан Азия ойындарында бір күнде бес қола медаль алды • Каспийдегі қайғылы оқиғадан үшінші аман қалған адам белгілі болды • Маңғыстауда қаза тапқан матростың денесі таксимен жеткізілді деген ақпарат тарады • Алматыда автобус апаты: төрт адам медициналық көмекке жүгінді • Астанада су тарифі көтеріледі: жиналған қаражат ескі құбырларды жөндеуге жұмсалады • Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты • Қазақстан Азия ойындарында бір күнде бес қола медаль алды • Каспийдегі қайғылы оқиғадан үшінші аман қалған адам белгілі болды • Маңғыстауда қаза тапқан матростың денесі таксимен жеткізілді деген ақпарат тарады • Алматыда автобус апаты: төрт адам медициналық көмекке жүгінді •

    Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады. Қаза тапқандар саны 14 адамға жетті.

    Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады. Жеделхаттарды Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдері, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы және қоғам өкілдері оқып, марқұмдардың жақындарына табыстады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президент жеделхатында қаза болғандардың туған-туыстарына шынайы көңіл айтып, қолдау білдірді. Сондай-ақ отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін және кінәлілердің заң аясында ең қатаң жазаға тартылатынын жеткізді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын атап өтті.

    Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 17 әскери қызметкерді теңізге алып кеткен. Алғашқы ресми мәліметте тоғыз әскери қызметкердің қаза тапқаны, үшеуінің құтқарылғаны хабарланған еді.

    Кейін іздестіру жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметкердің денесі табылғаны хабарланды. Осылайша, қаза тапқандар саны 14 адамға жетті. Үш әскери қызметші құтқарылды.

    Оқиғаның мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін өңірге қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған арнайы комиссия жіберілген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынды.

    Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақтау маңында әскери қызметкерлердің қаза болуына қатысты Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі (Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау) және 465-бабы (Кеме жүргізу ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    24 қыркүйек күні сағат 22:30-да Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкерлердің қаза болуына байланысты құрылған Үкіметтік комиссияның отырысы өтті.

    Отырыста тергеу аясында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғаны, тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатқаны, сондай-ақ мамандар тартылып, қажетті сот сараптамалары тағайындалғаны айтылды.

    «Әскерден келген соң үйленеміз деп еді»: Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →