Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ырысбала Икрамбай сын айтқандарға жауап берді: «Ақтығымды Алла білсе болды» • Әлемдік мұнай бағасы қайта өсті • Starlink пен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық барлауға жаңа технологияларды енгізуде • Дариға Бадықова Олжас Абаймен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтты • Павлодар түрмесіне тіс жуатын пастаның ішіне есірткі салып жеткізген • Тоқаев Мәскеудегі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады • Ырысбала Икрамбай сын айтқандарға жауап берді: «Ақтығымды Алла білсе болды» • Әлемдік мұнай бағасы қайта өсті • Starlink пен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық барлауға жаңа технологияларды енгізуде • Дариға Бадықова Олжас Абаймен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтты • Павлодар түрмесіне тіс жуатын пастаның ішіне есірткі салып жеткізген • Тоқаев Мәскеудегі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады •

    Маңғыстауда қаза тапқан матростың денесі таксимен жеткізілді деген ақпарат тарады

    Маңғыстау облысында қаза тапқан 20 жастағы матрос Мейрамбек Бердіхановтың денесі таксимен жеткізілді деген видео тарады. Министрлік ақпаратты жоққа шығарды, бірақ нақты қай мәліметті түсіндірмеді.

    Маңғыстауда қаза тапқан матростың денесі таксимен жеткізілді деген ақпарат тарады

    Сурет: Фото-коллаж: Politico.kz

    Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан 20 жастағы матрос Мейрамбек Бердіхановтың денесі туыстарына қарапайым таксимен жеткізілгені туралы видео тарады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жарияланым авторлары әскери қызметшінің денесі мәйітханадан Toyota Alphard көлігімен шығарылып, туған-туыстарына жеткізілгенін мәлімдеген. Видеода марқұмның әкесі әскери қызметшілерге эмоционалды түрде үн қатып, болған жағдайдан кейін басқа ұлдарын әскерге жібермейтінін айтқан.

    Бұл ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Желі қолданушылары қаза тапқан әскери қызметшілердің денелері туған жеріне тиісті құрметпен жеткізілуі керек екенін жазған.

    Ал Министрлік әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Алайда ведомство әзірге нақты қай мәліметті жоққа шығарып отырғанын түсіндірмеді. Яғни, денені таксимен тасымалдау туралы ақпарат па, әлде видеодағы жағдай ма — бұл жағы әзірге белгісіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →