«Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр
Фото: видеодан скрин
Көкшетаудағы Васильковский шағынауданында жол көпірінің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр. Әлеуметтік желіде тараған видеодан көпір конструкциясының бір бөлігі мүжіліп, бетонның үгітілгенін көруге болады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Видео авторы нысанның бұдан әрі де бұзылып жатқанын айтып, мәселені жауапты органдардың назарына ұсынған. Васильковский шағынауданы Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында орналасқан. Қазір көпірдің техникалық жағдайы қаншалықты қауіпті екені және оған жөндеу жүргізіле ме деген сұрақ ашық қалып отыр. Тұрғындар мәселе асқынбай тұрып, нысанды мамандар тексеріп, нақты шара қабылданғанын күтеді.
Видео: @sinegor.kz
