Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Түзетіңіз, болмаса бұл шаруамен басқалар айналысады»: Бектенов «ҚазАвтоЖол» басшысына қатаң ескерту жасады Көкшетауда жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты (ВИДЕО) Азиада-2026: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин чемпион атанды Жол ережесін жылына 10 рет бұзса, көлік жүргізуге шектеу қойылуы мүмкін Астанада дрифт жасап, мақтанбақ болған жүргізуші қамалды (ВИДЕО) «Ұйқы бермей жатыр»: Бектенов түнде жұрттың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатаң шара қолдануды тапсырды «Түзетіңіз, болмаса бұл шаруамен басқалар айналысады»: Бектенов «ҚазАвтоЖол» басшысына қатаң ескерту жасады Көкшетауда жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты (ВИДЕО) Азиада-2026: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин чемпион атанды Жол ережесін жылына 10 рет бұзса, көлік жүргізуге шектеу қойылуы мүмкін Астанада дрифт жасап, мақтанбақ болған жүргізуші қамалды (ВИДЕО) «Ұйқы бермей жатыр»: Бектенов түнде жұрттың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатаң шара қолдануды тапсырды

    Жол ережесін жылына 10 рет бұзса, көлік жүргізуге шектеу қойылуы мүмкін

    Жол ережесін жылына 10 рет бұзса, көлік жүргізуге шектеу қойылуы мүмкін

    Қазақстанда жол ережесін қайта-қайта бұзатын жүргізушілерге қатысты талапты күшейту мәселесі талқыланып жатыр. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, кей жүргізушілердің айыппұл саны 50-ден асып кетсе де, олар ақшасын уақытында төлеп, көлік жүргізуді жалғастыра береді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    ҚР ІІМ мұндай жүргізушілерге белгілі бір шектен кейін қосымша шара қолдануды ұсынып отыр. Мәселен, бір жылда 10 рет жол ережесін бұзған немесе бағдаршамның қызыл түсіне өту секілді 5 өрескел құқық бұзушылық жасаған жүргізушіге шектеу қою мәселесі қарастырылуы мүмкін. Алайда нақты шек әзірге бекітілген жоқ.

    Лепеханың сөзінше, бұл ұсыныс бұған дейін Парламентпен талқыланған. Енді ІІМ мәселені жаңа Құрылтайда қайта көтермек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →