Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алексей Луценко Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста алтын алды Алматы Қала күнінің алғашқы күнінде 500 мыңнан астам адам іс-шараларға қатысты Алматыда Қала күнінің алғашқы күніне 500 мыңнан астам адам қатысты Америкалық боксшы қазақ шапанымен рингке шығып, Головкинге құрмет көрсетті Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды Алексей Луценко Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста алтын алды Алматы Қала күнінің алғашқы күнінде 500 мыңнан астам адам іс-шараларға қатысты Алматыда Қала күнінің алғашқы күніне 500 мыңнан астам адам қатысты Америкалық боксшы қазақ шапанымен рингке шығып, Головкинге құрмет көрсетті Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

    Америкалық боксшы қазақ шапанымен рингке шығып, Головкинге құрмет көрсетті

    Америкалық боксшы Джонни Мансур қазақтың ұлттық шапанымен рингке шығып, Геннадий Головкинге құрмет көрсетті. Ол осы киіммен 8 жекпе-жекте жеңіске жеткен.

    Америкалық боксшы қазақ шапанымен рингке шығып, Головкинге құрмет көрсетті

    Америкалық боксшы Джонни Мансур (@jonnymansour) қазақ халқына және аты аңызға айналған отандасымыз Геннадий Головкинге (@gggboxing) деген ерекше құрметін білдірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ирак текті америкалық спортшы Америкада арнайы дизайнерге ұлттық қазақ шапанын тіктіруге тапсырыс берген. Ол шапанды безендіру үшін қазақтың ұлттық нақыштары мен өрнектерін өзі іздеп тапқан. Бұл шапан жай ғана әдемі сувенир болып қалған жоқ – Джонни қазір осы ұлттық киіммен рингке шығып, Америкада Қазақстанның бір бөлшегін таныстырып жүр.

    Қазақстанда туып-өспеген спортшының мәдениетімізге көрсеткен бұл шынайы құрметі ерекше мақтауға тұрарлық. Айта кетейік, ұлттық шапан боксшыға үлкен сәттілік әкелуде: ол осы киіммен шыққан 8 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, әзірге бірде-бір рет жеңілген жоқ.

    Осы жылы әрі әсерлі видеоны бөліскен Алихан Жарылғаповқа (@ali_zh) алғыс айтамыз. Мұндай қадамдар елдер мен халықтарды жақындастыра түсетіні сөзсіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →