Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 $ 445,4 511,8 5,27
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • ШҚО трассасында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

    Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен — Рахманов бұлақтары» тас жолында үш көлік соқтығысып, Toyota жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, қалғандары ауруханаға жеткізілді.

    ШҚО трассасында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

    Фото: Instagram/ @oskemenlive

    Шығыс Қазақстан облысында үш көлік қатысқан ауыр жол апаты болды. Оқиға 18 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында «Өскемен — Рахманов бұлақтары» тас жолының 48-шақырымында тіркелді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Апатқа Toyota, Chevrolet және Subaru маркалы көліктер қатысты. Соқтығысу салдарынан Toyota көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Апатқа қатысқан қалған адамдар медициналық мекемелерге жеткізілді.

    «Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — деді полицияда.

    Бұған дейін Алматыда автобус қатысқан ауыр жол апатынан тоғыз адам зардап шеккен болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →