Тоқаев: Жол сапасы — біздің «ахиллес табанымыз», заң қатаң қолданылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге қала сыртындағы жолдардың сапасына назар аударуды тапсырып, заң қатаңдығымен шара қолданылатынын мәлімдеді.
Видеодан кадр
Ел Президенті Үкімет пен әкімдерге жол сапасына, соның ішінде қалаішілік және «елдік» жолдарға барынша мұқият назар аударуды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысқан кезде айтты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Сөз үлкенді-кішілі қалалардың сыртында орналасқан жолдар жайында болып отыр.
«Бұл — біздің «ахиллес табанымыз», мұны мойындау керек. Бұл мәселені ешкім шеше алмады (бұл өзі ұят) немесе жай ғана қаламады, ал бұл — саботаж. Заңның қатаңдығымен шара қолданамыз», — деп атап өтті Президент.
