Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Әйгерім Қалаубаева жаңа бейнебаянымен жұлдыздарға теңелді

    Әнші Әйгерім Қалаубаева «Махаббатым – Машақатым» әніне жаңа бейнебаян түсіріп, желі қолданушылары оны Шакира мен Дженнифер Лопеске теңеді.

    Әйгерім Қалаубаева жаңа бейнебаянымен жұлдыздарға теңелді

    Сурет: ашық дереккөзден

    Қазақстандық әнші Әйгерім Қалаубаева жаңа бейнебаянын ұсынып, көрермендерді ерекше образымен және биімен баурады. Әлеуметтік желі қолданушылары оны әлемдік жұлдыздар Шакира мен Дженнифер Лопеске теңеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әнші «Махаббатым – Машақатым» әніне түсірілген бейнебаянды YouTube платформасында жариялады.

    Әйгерім Қалаубаева Instagram парақшасында түсірілім алаңынан бірнеше кадр жариялады. Клипте ол көк джинс шорты, беліне түйілген жейде және гүлді өрнегі бар биік етік киіп шыққан.

    Өнер иесінің ұзын бұйра шашы мен сахналық образы жанкүйерлерінің ерекше ықыласына бөленді. Желі қолданушылары әншінің жаңа стиліне түрлі пікір қалдырды.

    «Қазақтың Шакирасы», «Жастардан қалыспайды», «Бұл ән міндетті түрде хит болады», «Жаңа образыңыз керемет жарасады», «Джей Ло секілді», – деп жазды оқырмандар.

    Сонымен қатар тыңдармандар Әйгерім Қалаубаеваның биіне және жаңа әніне жоғары баға беріп, туындының сәтті шыққанын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →