«Оқи алмағаны үшін ұрған»: Өзбекстанда мұғалім 1-сынып оқушысын бірнеше рет соққыға жыққан
Өзбекстанның Наманган облысы Қасансай ауданындағы №39 мектепте мұғалім 1-сынып оқушысына күш қолданғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады.
Наманган облыстық мектепке дейінгі және мектептік білім басқармасының мәліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні сағат 10:30 шамасында, үшінші сабақ кезінде болған.
Алдын ала тексеру барысында мұғалімнің 1 «Б» сынып оқушысын кітаптағы мәтінді оқып бере алмағаны үшін бірнеше рет ұрғаны анықталған.
Қазір мектепте қызметтік тексеру жүріп, оқиғаға құқықтық баға беру және жауапты тұлғалардың әрекетін зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша мұғалім мен мектеп басшылығына қатысты заңнамаға сәйкес шара қолданылатыны айтылды.
Видео: @madenіportal.kz
Фото: ашық дереккөз
