Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Ақтауда барда демалып отырған жігітті атқан ызықор бес жылға сотталып кетті (ВИДЕО)

    Ақтауда барда демалып отырған жігітті атқан ызықор бес жылға сотталып кетті (ВИДЕО)

    Ақтаудағы барлардың бірінде ер адам қолына қару алып, тамақ ішіп отырғандардың біріне оқ атқан. Осыған байланысты оған қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Qazaqtoday.info агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    «Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі – «Бұзақылық» бойынша кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – деп келтіреді басылым прокуратураның мәліметін.

    Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы ойын-сауық орындарының бірінде ер адамға «аңшы сигналы» деп аталатын құрылғыдан бетіне тікелей оқ атылған еді. Салдарынан ол жарақат алған. Оқиға видеоға түсіп қалған. Полиция осыған байланысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

    Тамыз айының соңында тергеудің аяқталғаны және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігімен (атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық) қозғалған қылмыстық істің сотқа жолданғаны хабарланған болатын.

    Аталған бап бойынша бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →