Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 18 қыркүйек 2026 $ 446,7 512,0 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Екі жігіт құшақтасып жатыр»: желіде тараған видеоға қатысты полиция мәлімдеме берді (ВИДЕО) Әйелін балаларының көзінше қан-жоса қылған жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) «Неге ажырасқанымды түсіндім»: Айнұр Тұрсынбаева қиын күндерін еске алды Ақмола облысында сот қызметкері суицид жасады: отбасы әділдік талап етеді Жол емес, ой-шұңқыр: Сәтбаев–Сарыоба жолы жүргізушілердің наразылығын туғызды Камерун кемесі: Үндістанда бес ай бұрын ұсталған танкерде Қазақстан азаматы қалып қойды «Екі жігіт құшақтасып жатыр»: желіде тараған видеоға қатысты полиция мәлімдеме берді (ВИДЕО) Әйелін балаларының көзінше қан-жоса қылған жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) «Неге ажырасқанымды түсіндім»: Айнұр Тұрсынбаева қиын күндерін еске алды Ақмола облысында сот қызметкері суицид жасады: отбасы әділдік талап етеді Жол емес, ой-шұңқыр: Сәтбаев–Сарыоба жолы жүргізушілердің наразылығын туғызды Камерун кемесі: Үндістанда бес ай бұрын ұсталған танкерде Қазақстан азаматы қалып қойды

    Ақмола облысында пойыз 13 бас малды қағып кетті

    Ақмола облысында пойыз 13 бас малды қағып кетті

    Ақмола облысында пойыз 13 бас малды қағып кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, кезекті оқиға 13 қыркүйекте Ақмола облысындағы Макинка – Елтай аралығында болған.

    «Петропавл — Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржол жолында ұсақ малдың жүргенін байқап, шұғыл тежеуге мәжбүр болған. Қабылданған шараларға қарамастан, пойыз 13 бас малды қағып кеткен. Соның салдарынан пойыз қозғалысы 9 минутқа тоқтатылды.

    «Көлік полицейлері жануарлардың иесі – Ақмола облысының 63 жастағы тұрғынын анықтады. Теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді полиция полковнигі.

    Көліктегі полиция департаменті теміржол жолдарына жақын жерде малды бақылаусыз жаю пойыздардың қозғалысы мен жолаушылардың қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретінін ескертеді.

    Мал иелері белгіленген талаптарды сақтап, теміржолдың бөлінген жолағында жануарлардың жүруіне жол бермеуі және оларды қараусыз қалдырмауы қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →