Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 18 қыркүйек 2026 $ 446,7 512,0 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шымкентте әйелін ұрды деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды

    Шымкентте 25 жастағы ер адам әйелін ұрып-соқты деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 16 қыркүйекте түнгі уақытта орын алған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Шымкентте әйелін ұрды деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды

    Сурет: Pixabay

    Шымкент қаласы полиция департаменті әйелін ұрып-соқты деген күдікпен қала тұрғынын ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған turkystan.kz хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Egov.Press Telegram-арнасы беті-аузы қан жоса болған әйелдің видеосын жариялады.

    «Шымкентте ер адам жас әйелін балаларының көзінше ұрып-соққан. Оған қоса оның атынан несие алып, өзін өлтіремін деп қорқытқан. Бұл туралы зардап шеккен келіншектің туысы хабарлады», — деп жазды паблик.

    Аталған жарияланымға Шымкент қалалық ПД жауап берді.

    «Шымкент қаласының полиция қызметкерлері әйел адамға дене жарақатын салды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған оқиғаның 16 қыркүйекте түнгі уақытта Шымкент қаласының аумағында орын алғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген полиция хабарламасында.

    Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →