Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 $ 449,5 518,8 5,34
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жомарт Ертаев тоғыз жылдан кейін бостандыққа шықты

    Жомарт Ертаев 16 қыркүйекте түрмеден шықты. Сот оны 2020 жылы 144 млрд теңге жымқырды деп 11 жылға кескен, кейін мерзім тоғыз жылға қысқарған.

    Жомарт Ертаев тоғыз жылдан кейін бостандыққа шықты

    Фото: әлеуметтік желі

    Бүгін, 16 қыркүйекте атышулы экс-банкир Жомарт Ертаевтың бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталды. Тоғыз жыл түрмеде отырған ол бостандыққа шықты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    2020 жылы сот Ертаевты Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқырды деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырған. Кейін жаза мерзімі тоғыз жылға қысқартылды. Ертаев 2018 жылы ұсталғанын ескерсек, оның жазасын өтеу мерзімі дәл қазір аяқталды.

    2025 жылдың күзінде Ертаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға әрекет жасаған. Алматы облысының Алатау қалалық соты оның рақымшылық жасау туралы өтінішін қанағаттандырған. Колония әкімшілігі де оның тәртібін жақсы деп бағалаған. Алайда бұл шешім құқық қорғаушылардың наразылығын туғызып, көп ұзамай сот рақымшылық туралы шешімнің күшін жойды. Ертаев қайта ұсталып, колонияға қайтарылды.

    Бұл жолы оның босатылуына кедергі жоқ. Жаза мерзімі толық өтелді.

    Соған қарамастан, Ulysmedia.kz Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сауал жолдаған. Әзірге жауап келген жоқ.

    Bank RBK ісі Қазақстандағы ең ірі банк жанжалдарының біріне айналды. Ертаевпен бірге тағы 35 адам сотталды. Іс 700 томнан және 46 эпизодтан тұрды.

    Еске салайық, Ертаев пен іс бойынша екінші фигурант Бақыт Ибрагимнің жалпы құны шамамен 3 млрд теңге болатын мүлкі тәркіленген. Олардың арасында пәтерлер, үйлер, Lexus және Audi көліктері, жер учаскелері, өндірістік база, сондай-ақ құны 740 мың доллар тұратын Richard Mille сағаты болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →