Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 $ 450,0 519,2 5,33
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Астанада човган мен ат поло бағыттарын біріктіретін ұлттық ат спорты клубы ашылды

    Астанада човган және ат поло бағыттарын біріктіретін «Astana Polo & Chovken club» ұлттық ат спорты клубы жұмысын бастады. Клуб 2024 жылдан бері жұмыс істеп, халықаралық турнирлерге қатысып жүр.

    Астанада човган мен ат поло бағыттарын біріктіретін ұлттық ат спорты клубы ашылды

    Сурет: turkystan.kz

    Астанада човган және ат поло бағыттарын ұштастыратын «Astana Polo & Chovken club» ұлттық ат спорты клубы жұмысын бастады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды turkystan.kz.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Клуб 2024 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында ол халықаралық турнирлерге қатысып, Қазақстанды халықаралық спорт аренасында таныстырып жүр.

    Клубтың жетекшісі – ат-спорттық бағыттардың еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Хасенов. Клубтың қызметі ат спортын дамытуға және кеңінен насихаттауға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға, сондай-ақ елорда тұрғындарының ұлттық ат спорты түрлеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған.

    Клуб аясында жаттығулар мен спорттық іс-шаралар өткізіліп, шабандоздардың шеберлігін жетілдіруге және спортшыларды жарыстарға дайындауға жағдай жасалып жатыр.

    Клубтың ашылуы елордадағы ат спорты мәдениетін одан әрі дамытуға және ұлттық ат спорты түрлерін кеңінен танымал етуге мүмкіндік береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →