Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 $ 450,0 519,2 5,33
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейдегі 13 жастағы жасөспірімнің анасы: «Кінәлі екеуі де» Талдықорғанда жаттықтырушы 14 жастағы спортшыны екі жыл бойы зорлады деп айыпталуда Көкшетау тұрғыны алаяқтарға 10 млн теңгеден астам ақшасын беріп қойған Алматыда бес көлік соқтығысқан жол апаты: көлікті заңсыз айдап кеткен Қазақстандық әйел АҚШ-та көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталды «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады Семейдегі 13 жастағы жасөспірімнің анасы: «Кінәлі екеуі де» Талдықорғанда жаттықтырушы 14 жастағы спортшыны екі жыл бойы зорлады деп айыпталуда Көкшетау тұрғыны алаяқтарға 10 млн теңгеден астам ақшасын беріп қойған Алматыда бес көлік соқтығысқан жол апаты: көлікті заңсыз айдап кеткен Қазақстандық әйел АҚШ-та көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталды «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады

    Талдықорғанда жаттықтырушы 14 жастағы спортшыны екі жыл бойы зорлады деп айыпталуда

    Талдықорғанда 14 жастағы спортшы қызды жаттықтырушы екі жыл бойы зорлады деп айыпталуда. Іске қыздың анасы мен ағасы да тартылып, тергеу жүріп жатыр.

    Талдықорғанда жаттықтырушы 14 жастағы спортшыны екі жыл бойы зорлады деп айыпталуда

    Фото: Видеодан скрин

    Талдықорғанда кәмелетке толмаған спортшы қызға қатысты зорлық-зомбылық дерегі тергелуде. Жасөспірімнің айтуынша, оны екі жыл бойы өзінің жаттықтырушысы зорлаған. Сонымен қатар қылмыстық қудалауға қыздың анасы мен ағасы да тартылған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға осыдан екі жыл бұрын, қыз 14 жаста, ал жаттықтырушысы 38 жаста болған кезде басталған. Команда допты хоккейден жарысқа қатысу үшін Талдықорғанға барған. Басқа спортшылар қаланы аралап кеткенде, қыз қонақүйде қалған.

    Оның айтуынша, жаттықтырушы оған сусын әкелген. Содан кейін қыз есінен танып қалған.

    — Мен еш жамандық ойламадым, сусынды іштім. Одан кейін не болғанын мүлде білмеймін. Қалай ұйықтап қалғанымды, қай жерде болғанымды, жалпы не болғанын есіме түсіре алмаймын. Таңертең сағат бес-алты шамасында оянсам, жаттықтырушы жанымда жатыр екен. Қорқып кеттім, қатты есеңгіреп қалдым, — дейді жәбірленуші.

    Қыздың айтуынша, жаттықтырушы болған жағдайды телефонға түсіріп алған. Кейін сол бейнежазбаны таратып жіберемін деп қорқыта бастаған. Жасөспірімнің сөзінше, дәл осыдан кейін болған жайтты ешкімге айта алмаған.

    — «Бұл видеоны таратқанымды қаламасаң, айтқанымның бәрін істейсің. Үйдегілерге ештеңе айтпайсың, тек менің айтқанымды орындайсың. Туыстарыңа айтсаң, үстімнен арыз жазады, сот болады, бірақ менің ағаларым бар, олар бәрін шешеді», — деп келтірді қыз жаттықтырушының сөзін.

    Оның айтуынша, жаттықтырушы оны да, туыстарын да түрмеге отырғызатынын айтып қорқытқан. Бұл жағдай шамамен екі жылға созылған.

    Сондай-ақ қыз жаттықтырушының оны ақша үшін басқа ер адамдармен таныстырғанын айтып отыр.

    Ақыры жасөспірім болған жағдайды туыстарына айтып, отбасы полицияға жүгінген.

    Алайда қылмыстық қудалау қыздың жақындарына да қатысты жүргізіле бастаған. Қазір оның анасы үйқамақта, ал ағасы уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу оларды адам ұрлады деп күдіктеніп отыр.

    — Анам мен ағама қатысты қылмыстық іс қозғалғанын дұрыс емес деп есептеймін. Ата-ана өз қызын зорлағанын білген кезде қарап тұра ала ма? Олардың орнында басқа біреу болса, кінәліні сол жерде өлтіріп тастауы да мүмкін еді, бірақ біз оған кетуге мүмкіндік бердік және қаладан кетуін талап еттік, — дейді жәбірленушінің әпкесі.

    Істі облыстық полиция департаменті тергеп жатыр. Осы іс бойынша жаттықтырушы мен оның танысы ұсталған.

    — Екі күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында, — деді облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Бауыржан Сәулебеков.

    Тергеу нұсқасы бойынша ұсталғандардың қатысты дерек әзірше жарияланған жоқ.

    Кәмелетке толмаған қыздың туыстары тергеудің аяқталып, істің сотқа жетуін күтіп отыр. Олар оқиғаға қатысы бар барлық адамға қатаң жаза тағайындалуын талап етеді.

    Ал қыздың анасы мен ағасының кінәсін де тергеу әлі дәлелдеуі керек. Екі іс бойынша да соңғы шешімді сот шығарады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →