Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Alatau Smart City жобасымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты. Кездесуде инфрақұрылым, цифрлық технологиялар және инвестициялық ынтымақтастық талқыланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Іс-шара барысында қаланы дамытудың негізгі бағыттары ұсынылды. Олардың қатарында заманауи инфрақұрылым құру, инвестиция үшін қолайлы жағдай жасау, цифрлық технологияларды енгізу және қаладағы қозғалыстың жаңа түрлерін дамыту бар.
Корейлік серіктестерді жобаны жүзеге асырудың нақты шараларына тартуға ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, KIND, KAIST және Korea Airports Corporation компанияларымен K-Smart қалашығын салу, білім беру, R&D инфрақұрылымы, қалалық әуе қозғалысы, цифрлық модельдеу, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын енгізу салаларында бірлескен бастамалар ұсынылды.
Сонымен қатар қаланың әуе қозғалысын басқарудың UAM/UTM жүйесі таныстырылды. Ол ұшқышсыз ұшу аппараттары мен аэротаксиді пайдалану мүмкіндігін қарастырады.
Alatau City жобасы қала құрылысы, білім беру және зерттеу, өнеркәсіп пен логистика, цифрлық технологиялар, инвестициялық ынтымақтастық салаларын біріктіретін ашық халықаралық платформа саналады.
