Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 15 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде 13 жастағы оқушы сыныптасын 15 жерінен пышақтаған ЖИ жасаған мәтін мен видеоны белгілемегендер жауапқа тартылуы мүмкін «Дауысы да өзгеріп кеткен»: Уәлибек Әбдірайымовтың қазіргі келбеті жұртты шошытты Қазақстанда Hyundai Tucson жаңа моделі шығарылады: Тоқаев компания басшысымен кездесті Президент сапары: Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады Оралда тұтынушылар өртенген моншаның ішінде қалып қойған Семейде 13 жастағы оқушы сыныптасын 15 жерінен пышақтаған ЖИ жасаған мәтін мен видеоны белгілемегендер жауапқа тартылуы мүмкін «Дауысы да өзгеріп кеткен»: Уәлибек Әбдірайымовтың қазіргі келбеті жұртты шошытты Қазақстанда Hyundai Tucson жаңа моделі шығарылады: Тоқаев компания басшысымен кездесті Президент сапары: Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады Оралда тұтынушылар өртенген моншаның ішінде қалып қойған

    Қазақстанның бірнеше өңірінде жел күшейіп, өрт қаупі сақталады

    Қазақстанның бірнеше өңірінде жел екпіні 23-28 м/с-қа жетеді, бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Ауа райы болжамы.

    Қазақстанның бірнеше өңірінде жел күшейіп, өрт қаупі сақталады

    Сурет: istockphoto

    Қазақстанның бірқатар өңірінде желдің екпіні күшейеді. Кей жерлерде ол 23-28 м/с-қа жетеді. Сонымен қатар бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қарағанды облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, ал облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 15-17 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Талдықорғанда 15-17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.

    Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қостанай облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

    Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

    Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.

    Абай облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодарда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Астанада батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Алматы облысының орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →