Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады Аса ауқаттыларға 3% салық: 2030 жылға дейін 29,5 млн өлімнің алдын алу мүмкіндігі Еңбекшіқазақ ауданында қуаты жылына 120 мың тонна агрокешен салынуда Тоқаевқа Корея Президенті алғыс айтты Атырау облысында отбасын жоғалтқан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қайта қауышты Alatau City-ден мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстан мен Корея жаңа жобаларды талқылады «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады Аса ауқаттыларға 3% салық: 2030 жылға дейін 29,5 млн өлімнің алдын алу мүмкіндігі Еңбекшіқазақ ауданында қуаты жылына 120 мың тонна агрокешен салынуда Тоқаевқа Корея Президенті алғыс айтты Атырау облысында отбасын жоғалтқан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қайта қауышты Alatau City-ден мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстан мен Корея жаңа жобаларды талқылады

    Тоқаев Пан Ги Мунмен кездесіп, жасыл экономика мен БҰҰ реформасын талқылады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесіп, жасыл экономикаға көшу мен БҰҰ-ны реформалау мәселелерін талқылады.

    Тоқаев Пан Ги Мунмен кездесіп, жасыл экономика мен БҰҰ реформасын талқылады

    Сурет: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының сегізінші Бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунмен жүздесті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Кездесуде Мемлекет басшысы дамушы елдердің «жасыл экономика» моделіне көшуіне қолдау көрсететін аталған институт қызметінің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыт әлеуметтік тұрақтылықты, климат өзгерістеріне төзімділікті және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Өз кезегінде Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, дүниежүзілік климат күн тәртібі аясында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу мәселелері бойынша пікір алмасты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →