Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық әйел АҚШ-та көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталды «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады Аса ауқаттыларға 3% салық: 2030 жылға дейін 29,5 млн өлімнің алдын алу мүмкіндігі Еңбекшіқазақ ауданында қуаты жылына 120 мың тонна агрокешен салынуда Тоқаевқа Корея Президенті алғыс айтты Атырау облысында отбасын жоғалтқан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қайта қауышты Қазақстандық әйел АҚШ-та көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталды «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады Аса ауқаттыларға 3% салық: 2030 жылға дейін 29,5 млн өлімнің алдын алу мүмкіндігі Еңбекшіқазақ ауданында қуаты жылына 120 мың тонна агрокешен салынуда Тоқаевқа Корея Президенті алғыс айтты Атырау облысында отбасын жоғалтқан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қайта қауышты

    Кореялық профессор Сон Ён Хун қазақ тілін 20 жылдан астам оқытып жүр

    Хангук шет тілдер университетінің кафедра меңгерушісі Сон Ён Хун Кореяда 20 жылдан астам қазақ тілін оқытып, ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

    Кореялық профессор Сон Ён Хун қазақ тілін 20 жылдан астам оқытып жүр

    Хангук шет тілдер университетінің кафедра меңгерушісі Сон Ён Хун — Кореяда қазақ тілін 20 жылдан астам уақыттан бері оқытып келе жатқан ғалым. Ол Ұлы даланың үні мен рухын корей жастарына таныстырып жүр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Профессордың пікірінше, қазақ тілін білмейінше, Ұлы даланың мәдениеті мен көшпенді халықтың болмысын терең түсіну мүмкін емес. Сондықтан ол үшін қазақ тілі – жай ғана пән емес, екі халықтың жүрегін жалғайтын рухани көпір.

    Қазақстан мен Корея арасындағы достық қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Солардың қатарында Сон Ён Хун да ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

    Президент ғалымның көпжылдық еңбегін жоғары бағалап, оның қазақ тілінің мінсіз екенін және жадының мықтылығын ерекше атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →