Жөндейміз деп, жолды одан сайын ойып тастады: Семейдегі Юность көшесінің тұрғындары наразы
Фото: видеодан скрин
Семейдегі Юность көшесі, 19а мекенжайының маңында жол жөндеу жұмыстары тұрғындардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Видеодан арнайы техниканың жұмысы кезінде жол жабынының бір бөлігі опырылып, асфальттың ойылып қалғанын көруге болады. Кадр авторы жолды жөндеуге келген техниканың дұрыс жұмыс істемеуінен жағдай одан сайын қиындағанын айтады. Айта кетейік, биыл Семейде жол инфрақұрылымын жаңарту аясында 100 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Алайда Юность көшесіндегі мына көрініс жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты тұрғындардың сұрағын көбейтіп отыр. Жауапты мекемелер аталған учаскенің қашан қалпына келтірілетінін әзірге нақтылаған жоқ.
Видео: @mobilographer_semey
