Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 $ 450,8 522,9 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 13 қыркүйекте Алматы мен Ақтөбеде қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті Тоқаев Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Рыбакина US Open-2026 финалында Соболенконы жеңіп, тарих жасады Трамп Тоқаевқа жолдау жолдап, Қазақстанды мерейтойымен құттықтады Трамп Қазақстанды Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен бірінші болып құттықтады Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды «Қазгидромет» 13 қыркүйекте Алматы мен Ақтөбеде қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті Тоқаев Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Рыбакина US Open-2026 финалында Соболенконы жеңіп, тарих жасады Трамп Тоқаевқа жолдау жолдап, Қазақстанды мерейтойымен құттықтады Трамп Қазақстанды Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен бірінші болып құттықтады Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды

    Тоқаев Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтап, оның әлемдік теннистегі жоғары деңгейін және жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

    Тоқаев Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы (US Open) жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президент қазақстандық спортшының бұл табысы оның әлемдік теннистегі жоғары деңгейін тағы да дәлелдегенін атап өтті.

    «Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз», – делінген құттықтауда.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Елена Рыбакинаның жетістіктерін мақтан тұтатынын жеткізді.

    «Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент сондай-ақ Рыбакинаның кәсібилігін өскелең ұрпаққа үлгі ретінде атап өтті. «Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге», – делінген құттықтауда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →