Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 450,5 522,6 5,37
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеп жатыр Петропавл маңында ежелгі жүнді мүйізтұмсық пен адам сүйектері табылды Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: Отан алдындағы борыш пен шаңырақ жылуы Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: доллар, еуро, рубль және юань «Қазгидромет» 12 қыркүйекте үш қалада қолайсыз метеожағдай болады деп болжады Атырау облысында күзетші әйел электр генераторының жанында қаза тапты Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеп жатыр Петропавл маңында ежелгі жүнді мүйізтұмсық пен адам сүйектері табылды Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: Отан алдындағы борыш пен шаңырақ жылуы Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: доллар, еуро, рубль және юань «Қазгидромет» 12 қыркүйекте үш қалада қолайсыз метеожағдай болады деп болжады Атырау облысында күзетші әйел электр генераторының жанында қаза тапты

    Петропавл маңында ежелгі жүнді мүйізтұмсық пен адам сүйектері табылды

    Солтүстік Қазақстан облысындағы Прибрежное ауылы маңында көпір салып жатқан жұмысшылар ежелгі жүнді мүйізтұмсық пен адам сүйектерін тапты. Құқық қорғау органдары тексеру бастады.

    Петропавл маңында ежелгі жүнді мүйізтұмсық пен адам сүйектері табылды

    Сурет: ernur.kz

    Солтүстік Қазақстан облысындағы Прибрежное ауылының маңында көпір салып жатқан жұмысшылар тосын олжаға кезікті. Экскаватормен карьер қазып жатқан олар топырақ арасынан сүйектерді байқап қалған. Сүйектерді жер бетіне шығарған соң, жұмысшылар дереу полиция шақырған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл жайтты «7 арна» хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, табылған сүйектердің бірі мұз дәуірінде осы өңірді мекендеген жүнді мүйізтұмсыққа тиесілі болуы мүмкін.

    Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастады. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қылмыстық сипаттағы белгілер анықталмаған. Алайда адам сүйектерінің нақты қай кезеңге жататыны әзірге белгісіз.

    Табылған сүйектердің бірін археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Анатолий Плешаков зерттеген. Оның алдын ала бағалауынша, сүйек мамонт фаунасына жататын жүнді мүйізтұмсыққа тиесілі болуы ықтимал. Мұндай жануарлар палеолит дәуірінде өмір сүріп, шамамен біздің дәуірімізге дейінгі XII мыңжылдыққа қарай жойылып кеткен.

    Енді мамандарды адам сүйектері де сол кезеңге жата ма деген сауал қызықтырып отыр. Плешаковтың айтуынша, табылған бас сүйектердің кем дегенде бірі сол дәуірге жататыны анықталса, бұл археология үшін аса маңызды жаңалық болуы мүмкін.

    «Егер осы бас сүйектердің ең болмаса бірі сол кезеңге тиесілі болып шықса, бұл нағыз сенсация болар еді», — деді ол.

    Археологтың айтуынша, бас сүйектердің бірінде мамандардың ерекше назарын аударған белгілер бар. Сондықтан ол алдағы уақытта жан-жақты зерттелмек.

    Енді мамандар адам сүйектерінің жасын анықтап, табылған қалдықтарды егжей-тегжейлі зерттеуге тиіс. Сонымен қатар, сүйектер шыққан құм карьерін де жеке тексеру жоспарланып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →