Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 11 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті Тоқаев Үндістан мен Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барады Төрт жыл бойы 85 000: ең төменгі жалақы неге индекстелмейді және оның бағасын кім төлейді? Балалар көлікпен бірге жолда жүр: Құлсарыдағы жаңа мектепке тротуар салынбаған Жаңа асфальт бірнеше күнге жетпеді: Рудныйда жол көлік астында ойылып жатыр Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар елші тағайындалды Президент Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті Тоқаев Үндістан мен Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барады Төрт жыл бойы 85 000: ең төменгі жалақы неге индекстелмейді және оның бағасын кім төлейді? Балалар көлікпен бірге жолда жүр: Құлсарыдағы жаңа мектепке тротуар салынбаған Жаңа асфальт бірнеше күнге жетпеді: Рудныйда жол көлік астында ойылып жатыр Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар елші тағайындалды

    Туған күйеу баласын атып тастаған полицей 10 жылға сотталды

    Туған күйеу баласын атып тастаған полицей 10 жылға сотталды

    Фото: Спутник

    Ақтөбе облысында қарындасының күйеуін қызметтік қарумен атып, өлтіруге оқталған бұрынғы полицейге сот үкімі шықты. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиға Хромтау қаласындағы демалыс базаларының бірінде болған. Іс материалдарына сәйкес, 32 жастағы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі отырыстан кейін қызметіне шығуы керек болған. Сол себепті ол өзімен бірге «Макаров» қызметтік тапаншасын алып жүрген.

    Дастарқан басында оның қарындасының күйеуі де болған. Отырыста жәбірленуші әйелін ұрғанын және алдағы уақытта да қол көтере беретінін айтқан.

    Осы сөзден кейін полицей жездесіне қызметтік қаруынан оқ атқан. Ол төрт рет атуға әрекет жасаған, алайда төртінші рет атқанда тапаншаға гильза тұрып қалған.

    Салдарынан ер адам кеуде және іш тұсынан жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің көмегімен оның өмірін сақтап қалу мүмкін болған.

    Оқиғадан кейін бұрынғы полицей адам өлтіруге оқталды деген айыппен сот алдында жауап берді.

    Сот оны кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →