Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Иэн Сондерспен кездесіп, ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
8 қыркүйекте Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) бас хатшысы Иэн Сондерспен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Кездесу барысында мемлекет басшысы Қазақстандағы кеден заңнамасын жетілдіру және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мәселелерінде ДКҰ-мен ынтымақтастықтың маңызды рөлін атап өтті. Президент еліміздің Еуразиядағы көлік байланыстарын нығайтуға және жүк транзиті үшін қолайлы жағдайлар жасауға баса көңіл бөлетінін жеткізді. Сондай-ақ, ол кедендік рәсімдерді оңтайландыру үшін цифрлық шешімдерді қолдана отырып, «ақылды шекара» моделін дәйекті түрде дамытып жатқанын айтты.
Иэн Сондерс өз кезегінде ДКҰ мен Қазақстан арасындағы байланыстардың дамуын жоғары бағалап, кедендік әкімшілендіруді жетілдірудегі айтарлықтай ілгерілеуді, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді және тиісті органдардың институционалдық әлеуетін нығайтуды атап өтті.
Тараптар 30 жылдан астам уақыт бойы табысты дамып келе жатқан өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділіктерін растады. Сонымен қатар, әлемдік саудадағы жаңа сын-қатерлер мен үрдістер туралы пікір алмасып, Орталық Азия аймағының сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту және көлік-логистикалық әлеуетін арттыру перспективаларына ерекше назар аударды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
