Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы •

    Ақмола облысында есерсоқ жігіт 8 жастағы қызды көлікпен қағып өлтірді

    Ақмола облысында есерсоқ жігіт 8 жастағы қызды көлікпен қағып өлтірді

    Фото: Видео скриншот

    7 қыркүйек кешкісін Ақмола облысының Макинск қаласында жол-көлік оқиғасы болып, 2018 жылы туған қыз бала қаза тапты,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Апат шамамен сағат 18:00-де Мәскеу көшесінде болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Mercedes көлігі қыз баланы қағып кеткен.

    Ақмола облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді.

    «Mercedes көлігін басқарған жүргізуші жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеде қайтыс болды», – деп хабарлады ведомство.

    Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған факті бойынша тергеу жүріп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Полиция жүргізушілерді жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмауға және жолда барынша сақ болуға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →