Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қандай ене болатынын ашық айтты «Жол ма, кедергілер жолағы ма?»: ШҚО-дағы ойлы-қырлы жол жүргізушілерді әбігерге салды «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қандай ене болатынын ашық айтты «Жол ма, кедергілер жолағы ма?»: ШҚО-дағы ойлы-қырлы жол жүргізушілерді әбігерге салды

    Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі

    Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі

    Фото: Pixabay

    Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдауорталық (ҰТО) «Елді мекендердің дамуы менхалыққа арналған инфрақұрылымдағы өзгерістерді бағалау» тақырыбында жүргізілген зерттеудің қорытындыларын ұсынды. Зерттеу нәтижелері болып жатқан инфрақұрылымдық өзгерістердің негізінен оң қабылданатынын көрсетті, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Сауалнамаға қатысқандардың 68%-ы соңғы үш жылда жағдайдың жақсарғанын атап өтті. Респонденттердің 82%-ы қазіргі өмір сүру жағдайына көңілі толатынын білдірсе, 68%-ы алдағы үш жылда жағдайдың одан әрі жақсаратынына сенеді.

    ҰТО мемлекеттік саясат орталығының бас зерттеушісі Роза Тілеуханның айтуынша, зерттеу нәтижелері халықтың елімізде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық өзгерістерді оң қабылдайтынын және олардың күнделікті өмірдегі нақты әсерін көріп отырғанын көрсетеді.

    «Сонымен қатар сауалнама халықтың одан әрі дамуға деген тұрақты сұранысы бар екенін анық көрсетті. Адамдар өзгерістерді байқап, олардың оң нәтижесін бағалайды және бұл бағыттың алдағы уақытта да жалғасатынын күтеді», — деп түсіндірді сарапшы.

    Тұрғындар күнделікті өмір сүретін ортадағы өзгерістерді, ең алдымен, жолдар, абаттандыру, саябақтар мен көгалдандыру салаларынан байқаған. Бұл бағыттар елді мекендерді одан әрі дамыту үшін де жоғары басымдыққа ие болып отыр. Сонымен қатар халықтың одан әрі дамытуға қатысты сұранысында медициналық инфрақұрылымды, интернет пен мобильді байланысты, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту маңызды орын алады. Сауалнама 2026 жылдың шілде–тамыз айларында телефондық сұхбат әдісімен жүргізілді. Іріктеме елдің барлық өңірлеріндегі 1 000 кәмелетке толған тұрғындарды қамтыды.

    Зерттеудің толық нәтижелері Ұлттық талдамалық орталықтың сайтында жарияланды: https://www.nacanalytica.kz/kz/publications/azastandytar-eldi-mekenderini-damuyn-alaj-baalajdy-zhalpyltty-saualnama-ntizheleri

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →