Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «10 жыл күткен үйіміз құлап кете ме?»: Ақтөбеде «Бақытты отбасы» арқылы баспана алған тұрғындар қауіптеніп отыр Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді «10 жыл күткен үйіміз құлап кете ме?»: Ақтөбеде «Бақытты отбасы» арқылы баспана алған тұрғындар қауіптеніп отыр Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді

    Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты

    Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты

    Фото: Reuters

    Пуэрто-Рикодан Майамиге ұшып келген жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, көліктерге соғылды. Апат салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алды.

    ВВС жазғандай, Boeing 767-300 ұшағы қону кезінде жолақтан шығып, әуежай маңындағы логистикалық кешеннің алдында тұрған бірнеше көлікке соғылған. Артынша ұшақ өртенген.

    Майами-Дейд округінің мэрі Даниэлла Левин Кава 5 адамның қаза тапқанын растады. Майами өрт сөндіру қызметінің басшысы Райед Джадаллахтың айтуынша, тағы 5 адам жарақат алған, олардың үшеуінің жағдайы ауыр.

    Ұшақ 21 Air компаниясына тиесілі болған. Ол Пуэрто-Рикодағы Луис Муньос Марин атындағы халықаралық әуежайдан Майамиге 7598 рейсімен ұшып келген. Апаттан кейін әуежай уақытша жабылып, бірқатар рейс кешіктірілген және тоқтатылған.

    Апаттың себептерін АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) тексеріп жатыр. Ведомство оқиға орнына мамандарын жіберді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →