Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты •

    Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды

    Ақмола облысында Volvo жүк көлігі локомотивке соғылды. 23 тонна пияз жолға төгілді. Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды

    Фото: Ақмола обл. ПД

    Ақмола облысында Жақсы-Есіл-Бұзылық автожолының теміржол өткелінде Volvo жүк көлігі локомотивпен соқтығысты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан өткелге шығып, нәтижесінде локомотивке соғылған.

    Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алайда көліктегі 23 тонна пияз жолға төгіліп, қозғалысқа кедергі келтірген.

    Ақмола облысы полициясының мәліметінше, оқиға орнына жеткен полицейлер дереу жол қозғалысын реттеп, қауіпсіздікті қамтамасыз еткен. Олар шашылған жүкті жинауға көмектесіп, жол-көлік оқиғасының зардаптарын жоюға дейін қозғалысты бақылауда ұстаған.

    Қажетті жұмыстар аяқталған соң, жолдың бұл учаскесінде қозғалыс толық қалпына келтірілді.

    Аталған жол апаты бойынша тексеру жүргізіліп, жүк көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →