Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • «Ордабасы» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды • Шайдоров Гран-при сериясының Франциядағы кезеңінде оныншы орынға тұрақтады • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • «Ордабасы» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды • Шайдоров Гран-при сериясының Франциядағы кезеңінде оныншы орынға тұрақтады •

    Джорджа Мелони Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдіріп, ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

    Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.

    Джорджа Мелони Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдіріп, ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

    Фото: Ақорда

    Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтауы үшін алғыс айтып, Қазақстан-Италия қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Италия үкіметінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесулер кезінде көрсеткен ықыласы мен достық қарым-қатынасы үшін ризашылығын білдірді. «Болашаққа көрегендікпен қарайтын көшбасшымен бірге жұмыс істеу – үлкен мәртебе», – деп жазды ол.

    Мелонидің айтуынша, екі ел энергетика, маңызды минералдар және университетаралық ынтымақтастық бағыттарында жаңа стратегиялық мүмкіндіктерді дамытуға ниетті. Ол Италия мен Қазақстан арасындағы өзара байланысты одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →