Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде анасын пышақтаған жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілді Англияда Дастан Сатпаевтің жарақатының сипаты айтылды ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Аса ірі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды Ақтөбеде анасын пышақтаған жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілді Англияда Дастан Сатпаевтің жарақатының сипаты айтылды ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Аса ірі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды

    ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді

    ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы 12-19 қыркүйекте Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында өтеді. Әскери техника мен жеке құрамның орын ауыстыруы 7-30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

    ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді

    Сурет: ernur.kz

    12–19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуы жоспарланған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқу-жаттығуға дайындық шеңберінде 7–30 қыркүйек аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының аумағында әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы орын ауыстыруы өтеді.

    Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығу барысында далалық сабақтар өткізіліп, марш дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады. Барлық іс-шара ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

    «Шеп» оқу-жаттығуы тұрақты негізде ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен өткізіледі.

    Министрлік азаматтарды, БАҚ өкілдерін және әлеуметтік желі пайдаланушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға, тек ресми дереккөздердегі мәліметтерге сүйенуге шақырады. Сонымен қатар жалған ақпарат тарату мен шындыққа сай келмейтін мәліметтер жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →