Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жаңақорғанда жоғалған жігіттің мәйіті құдықтан табылды

    Жаңақорғанда жоғалған 20 жастағы Мейіржан Рүстемнің мәйіті құдықтан табылды. Күдікті ретінде 15 жастағы інісі ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

    Жаңақорғанда жоғалған жігіттің мәйіті құдықтан табылды

    Фото: әлеуметтік желі

    Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында бірнеше күн бұрын із-түзсіз жоғалған 20 жастағы Мейіржан Рүстемнің денесі құдықтан табылды. Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, марқұмның 15 жастағы туған інісі күдікті ретінде ұсталды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мейіржан 30 мамырда үй ауласында төсек салып ұйықтаған. Таңертең оның жоғалғаны анықталған. Туыстары өздігінен іздеу жүргізіп, бір тәуліктен соң жігіттің денесін үйден 400 метрдей қашықтықтағы су құбырының құдығынан тапқан.

    Марқұмның туыстарының айтуынша, денеде көгерген іздер мен мойында жіптің ізі болған. Кейбір деректерде мәйіттің көрпеге ораулы күйде табылғаны айтылады.

    Құқық қорғау органдары Мейіржанның 15 жастағы інісін күдікті ретінде ұстап, сот санкциясымен қамауға алған. Дегенмен, марқұмның ата-анасы бұл нұсқамен келіспейді. Олар жасөспірімнің ағасына қастандық жасауы екіталай екенін алға тартады.

    Отбасы бұған дейін үйден ақша ұрлау оқиғалары болғанын айтып, қылмысқа басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін деген болжам жасаған. Туыстары істің жан-жақты және объективті тергелуін талап етуде.

    Қазіргі уақытта тергеу шаралары жалғасуда. Оқиғаның мән-жайы мен Мейіржанның өліміне кімнің қатысы барын тергеу анықтайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →