Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

    Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды

    Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды. Оны жергілікті екі оқушы қыз өсіріп шығарған. Сирек өсімдік Перетаска өзекшесінде гүлдеп тұр.

    Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды

    Сурет: ozgeris.info

    Атырау облысында Қызыл кітапқа тіркелген сирек лотос гүлінің жаңа өсу аймағы анықталды. Бұл өсімдікті жергілікті екі оқушы қыз өсіріп шығарған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мамандарының хабарлауынша, 11 жастағы Шаттық Хами мен 12 жастағы Айым Жанкелді 2024 жылы тұрғын үйлеріне жақын орналасқан су айдынына лотос тұқымдарын сепкен.

    Тұқымды Айымның анасы Қытайдан Pinduoduo интернет-дүкені арқылы алдыртқан. Қыздар алғашында лотосты үй жағдайында өсіруді жоспарлаған, бірақ бұл әрекет сәтсіз аяқталған. Содан кейін қалған тұқымдарды табиғи су айдынына отырғызуға шешім қабылдаған.

    2025 жылы өсімдіктің алғашқы жапырақтары пайда болса, биыл жазда лотостар алғаш рет гүлдеген. Оқушылардың айтуынша, олардың қарапайым тәжірибесі сирек кездесетін өсімдіктің жаңа алқабының пайда болуына әкелетінін күтпеген.

    Жаңа лотос алқабы Перетаска өзекшесінде орналасқан. Бұған дейін Атырау облысында лотос негізінен Құрманғазы ауданында өсетін.

    Айта кету керек, биыл өңірде лотос өсіруге бағытталған тағы бір тәжірибелік жоба іске қосылған. Қытайлық мамандардың қатысуымен Тұхлая Балка аумағындағы 500 шаршы метр жерге 270 түп лотос отырғызылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →