Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан ШЫҰ Даму банкінің штаб-пәтерін орналастыруға дайын — Тоқаев Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды «Артымызды ашып тастады!»: Спорт журналисі Бішкектегі 51 мыңдық стадион туралы жазды Президент Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйледі Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді «Арманда, ізден, өзіңе сен!»: Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға ерекше тілегін арнады (ВИДЕО) Қазақстан ШЫҰ Даму банкінің штаб-пәтерін орналастыруға дайын — Тоқаев Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды «Артымызды ашып тастады!»: Спорт журналисі Бішкектегі 51 мыңдық стадион туралы жазды Президент Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйледі Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді «Арманда, ізден, өзіңе сен!»: Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға ерекше тілегін арнады (ВИДЕО)

    Президент Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйлеп, ұйымның маңызын атап өтті. Президент Қырғызстан мен Өзбекстан тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.

    Президент Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйледі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ол Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына алғысын білдірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Кездесу туыс елдер – Қырғызстан мен Өзбекстан тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өткен Президент: «Мұның символдық мәні зор. Орайлы сәтті пайдаланып, әріптестерім – құрметті Садыр Нургожоевич Жапаров пен қадірлі Шавкат Миромонович Мирзиёевті осы маңызды әрі тарихи күнмен құттықтаймын. Бауырлас халықтарға бақ-береке тілеймін!» – деді.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, ширек ғасырда ШЫҰ «Шанхай бестігінен» Еуразияның үлкен бөлігін қамтитын, адамзаттың жартысына жуығын біріктіретін ірі халықаралық ұйымға айналды.

    «ШЫҰ – әртүрлі, бірақ рухы бір елдердің бірегей бірлестігі ретінде ішкі мәселеге араласпау, егемендікті құрметтеу, өзара сенім, ашықтық пен ынтымақтастық қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асырып келеді. Бүгінде ол шын мәнінде табысты, ықпалды әрі сұранысқа ие халықаралық құрылымға айналды. Әйтсе де біздің Ұйым құрылған сәттен бері әлем айтарлықтай өзгерді. Көз алдымызда халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі қалыптасып жатыр. Бірігуден гөрі жікке бөліну, ынтымақтастық ниетінен гөрі геосаяси бақталастық басым түсіп, мүдделер теңгерімін іздеудің орнына араздық өршіп барады. Өзара сенімге селкеу түсті. Онсыз ең мықты халықаралық институттардың өзі бірте-бірте сын-қатерлерге төтеп беру қабілетінен айырылады. Осы орайда, біздің Ұйымның маңызы арта түседі. ШЫҰ әскери-саяси блок логикасынан тыс әрекет етеді әрі оның қызметі қандай да бір мемлекетке қарсы бағытталмаған. Ұйым мүлдем басқа саяси философияға, яғни түпкі өзегінде прогресс жолындағы ортақ бастамалар идеясы жатқан «Шанхай рухына» сүйенеді. Біздің басты мақсатымыз – қуатты әрі өркендеген ШЫҰ қоғамдастығын құру», – деді Мемлекет басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →