Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ауғанстанда кез келген шеру өткізуге ресми тыйым салынды

    Ауғанстанда кез келген шеру өткізуге ресми тыйым салынды

    Фото: kabulnow

    «Талибан» қозғалысы полиция туралы жаңа заңға сәйкес Ауғанстан аумағында кез келген шерулер өткізуге ресми түрде тыйым салды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы KabulNow басылымына сілтеме жасап.

    Жаңа заң барлық шеру өткізуге тыйым салады. Осылайша, бейбіт наразылық шараларын өткізуге құқықтық негіз жойылып, қауіпсіздік органдарына топ ережелеріне қайшы деп танылған жиындардың алдын алуға кең өкілеттік берілді.

    53 баптан тұратын құжат «Талибан» билігі полицияның орнына «шурта» деп атайтын құрылымның өкілеттігін де кеңейтеді. Жаңа заңда Ауғанстан билігі «бүлік» немесе қарулы қылмыс деп бағалайтын жағдайларда қару қолдануға рұқсат берілген.

    Бұдан бөлек, құжатта күдіктілерді шақыру, қамауға алу және ұстау тәртібі белгіленген. Жаңа ережеге сәйкес, полиция қылмысты тергеу үшін адамды 10 күнге дейін ұстауға құқылы. Ал бұл мерзімді одан әрі ұзарту үшін соттың рұқсаты қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →