Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті •

    Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты

    Үндістанның Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты. Толассыз жауын су тасқыны мен жер көшкініне себеп болып, туристерге шектеу қойылды.

    Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты

    Сурет: freepik.com

    Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында муссондық жаңбыр маусымы басталғалы ауа райы күрт нашарлады. Нөсер жауын мен найзағай салдарынан 14 адам қаза тапты. Толассыз жауын бірнеше аймақта су тасқыны мен жер көшкініне әкеп соқты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жергілікті биліктің мәліметінше, жаңбырлы маусым басталғалы найзағай соғуынан 14 адам көз жұмған. Тамилнад штатының кірістер және төтенше жағдайларды басқару министрі К. А. Сенготтайян қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оларға 400 мың үнді рупийі көлемінде өтемақы берілгенін хабарлады.

    Сонымен қатар тоқтаусыз жауған жаңбыр таулы аймақтарда жер көшкінін тудырды. Әсіресе Нилгири ауданында жағдай күрделеніп, 62 жерде көшкін жүргені тіркелді. Табиғи апат салдарынан жол қатынасы қиындап, кейбір тұрғын үйлерді су басты. Ауыл шаруашылығы алқаптары да зардап шекті. Атап айтқанда, Нагапаттинам ауданында мыңдаған акр егістік су астында қалды.

    Қалыптасқан жағдайға байланысты жергілікті билік қауіп деңгейін көтеріп, бірқатар танымал таулы курорттарға туристердің кіруін шектеді. Олардың қатарында Удагамандалам, Кодайканал және Йеркауд сияқты туристік бағыттар бар. Бұл шектеулер тұрғындар мен саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

    Мамандар көшкін қаупі бар аумақтарды тексеріп, жолдарды тазарту және жауын-шашынның салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →