Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлдана Мырзуан ісіндегі маңызды өтініш қанағаттандырылмады Алматыдағы бірегей операция: дәрігерлер 5 жастағы қыздың жамбас буынын қалпына келтірді Бибісара Асаубаева қарсыластарын қапы қалдырып, рапидте топ жарды «Жұмыс созылып кетті»: Бектенов Digital Qazaqstan жоспарын бір аптада аяқтауды тапсырды Бір округ, бес пайыз, 145 мандат: Құрылтай сайлауының ережесі әлемдік картада қай жерде тұр? Атырау әуежайында қайғылы оқиға болды Ұлдана Мырзуан ісіндегі маңызды өтініш қанағаттандырылмады Алматыдағы бірегей операция: дәрігерлер 5 жастағы қыздың жамбас буынын қалпына келтірді Бибісара Асаубаева қарсыластарын қапы қалдырып, рапидте топ жарды «Жұмыс созылып кетті»: Бектенов Digital Qazaqstan жоспарын бір аптада аяқтауды тапсырды Бір округ, бес пайыз, 145 мандат: Құрылтай сайлауының ережесі әлемдік картада қай жерде тұр? Атырау әуежайында қайғылы оқиға болды

    Шымкентте қоғамдық көлік картасының бағасы қымбаттайды

    Шымкентте қоғамдық көлік картасының бағасы қымбаттайды

    Фото: depositphotos.com

    1 қазаннан бастап Шымкентте қоғамдық көлікте қолданылатын көлік картасының бағасы өзгереді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.  

    «Smart Mobility» ЖШС директоры Ақылбек Ахметуәлидің айтуынша, қоғамдық көлік картасының құны 550 теңгеден 800 теңгеге дейін қымбаттайды. Оның сөзінше, бұған картаны өндіру, тасымалдау және басқа да операциялық шығындардың өсуі себеп болған.

    Қазан айына дейін қала тұрғындары, оның ішінде мектеп оқушылары мен студенттер картаны бұрынғы бағамен сатып ала алады. Компания басшысының айтуынша, көлік картасының бағасын көтеру өткен жылы жоспарланған. Алайда тұрғындарға қолайлы болу үшін оның бағасы бір жыл бойы 550 теңге деңгейінде сақталған.

    Бұл ретте бір картаның өзіндік құны шамамен 780 теңгені құрайды. Көлік картасын алу үшін мектеп оқушылары Шымкенттегі мектептердің бірінде оқитынын растайтын анықтама ұсынуы қажет. Оқушы туралы мәліметтер жүйеге бір рет енгізіліп, мұрағатта сақталады. Сондықтан карта жоғалған жағдайда анықтаманы қайта ұсынудың қажеті жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →