Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • 38 келі марихуана мен қару-жарақ: Ұлытауда күдікті ұсталды

    38 келі марихуана мен қару-жарақ: Ұлытауда күдікті ұсталды

    Фото: polisia.kz

    Ұлытау облысында есірткінің өңіраралық тасымалдау арнасының жолы кесілді. Полиция күдікке ілінген жергілікті тұрғынды ұстап, одан 38 келі марихуана мен қару-жарақ тәркіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Операция «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бары анықталған.

    Тінту кезінде жалпы салмағы 38 келі марихуана табылған. Бұдан бөлек, қос ұңғылы мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді.

    — Полицияның алдын ала мәліметінше, есірткі оңтүстік өңірлерден Ұлытау облысына заңсыз айналымға енгізу мақсатында жеткізілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында есірткінің жеткізілу көзі, тасымалдау жолы және қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталады, – деді Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Ербол Қайрбеков.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →