Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент •

    Қазақстанда ит пен мысықты чиптеу міндеттеледі

    Қазақстанда ит пен мысықты чиптеу міндеттеледі

    Фото: depositphotos.com

    Қазақстанда иттер мен мысықтарды міндетті түрде чиптеу енгізіледі. Тиісті талап Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен бекітілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қолданыстағы үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес, олардың иелері жануарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін құралдарды, соның ішінде қарғыбау, білезік, татуировка, электронды белгі немесе чип қолдана алады.

    Алайда жаңа талап бойынша иттер мен мысықтарды сәйкестендіру үшін чип пайдалану міндетті болады. Ал есепке алынуға жататын жануарлардың басқа түрлеріне сәйкестендіру тәсілін иесі бұрынғыдай өзі таңдай алады. Чиптің нөмірі бірыңғай дерекқорға енгізіледі.

    Үй жануарларын есепке алу талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес айыппұл қарастырылған. Ведомствоның мәліметінше, жаңа талап халықтың қауіпсіздігін арттыруға, жануарлардың азаматтарға шабуыл жасау жағдайларын азайтуға, қараусыз және қаңғыбас жануарлардың санын тиімді бақылауға, сондай-ақ үй жануарлары иелерінің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →