Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді Артық сөйлеудің азабы: Динара Сатжан әйгілі Бағдагүл емшіні сотта екінші рет жеңіп шықты «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаев: жалға ауысу, «Челси» немесе сатылым? Қазақстанда ит пен мысықты чиптеу міндеттеледі «100 миллион кетті»: Алтынай Жорабаеваның қызының жасауын көрсетті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді Артық сөйлеудің азабы: Динара Сатжан әйгілі Бағдагүл емшіні сотта екінші рет жеңіп шықты «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаев: жалға ауысу, «Челси» немесе сатылым? Қазақстанда ит пен мысықты чиптеу міндеттеледі «100 миллион кетті»: Алтынай Жорабаеваның қызының жасауын көрсетті

    Арыстағы жарылыс жұртты тағы шошытты: снаряд қалдығы жарылған

    Арыстағы жарылыс жұртты тағы шошытты: снаряд қалдығы жарылған

    Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылыс тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды QazaqTodayinfo.kz ақпарат порталы. 

    19 тамыз күні сағат 19:00 шамасында №44859 әскери бөліміне қарасты, төтенше жағдайдан кейін жабылған көне жарату полигонында қураған шөп өртеніп, соның салдарынан снаряд қалдығы жарылған.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыстың даусы қатты естіліп, оқиға сәті бейнежазбаға түскен.
    Оқиға орнына тиісті мекеме қызметкерлері барып, қазіргі уақытта жағдайдың тұрақты екені хабарланды.

    Алайда кезінде жойқын жарылысты бастан өткерген Арыс тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты мұндай жағдайдың қайталануы жауапты органдар мен жергілікті биліктің қауіпті аумақтарды қаншалықты бақылауда ұстап отырғанына сұрақ туғызады.
    Әкімдік пен жауапты мекемелер тұрғындар қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін әскери қалдықтардың толық тазартылған-тазартылмағаны жөнінде нақты түсініктеме беруі тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →