Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда

    Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-та өткен Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды. Турнир Сент-Луис қаласында өтті.

    Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды

    Сурет: turkystan.kz

    Қазақстандық танымал шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-та өткен Cairns Cup 2026 халықаралық турнирінде жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жарыс АҚШ-тың Сент-Луис қаласында (Миссури штаты) өтті. Оған он спортшы қатысты. Соңғы тоғызыншы турда Асаубаева үндістандық Хампи Конерумен тең түсті.

    Қазақстандық шахматшы жалпы алғанда екі рет жеңіске жетіп, алты рет тең түсті және бір рет жеңілді. Ол бес ұпай жинады. Америкалық Карисса Йип те дәл осындай нәтиже көрсетті. Олар үшінші орынды бөлісіп, қола медаль иеленді.

    Қытайлық Тань Чжунъи Cairns Cup турнирінің жеңімпазы атанды (6,5 ұпай). Күміс жүлдені тағы бір америкалық Элис Ли (6 ұпай) иеленді.

    Турнирге украиналық Анна Музычук, грекиялық Ставрула Цолакиду, үндістандық Дивья Дешмукх пен Вайшали Рамешбабу және швейцариялық Александра Костенюк қатысты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →