Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады
Испания королі VI Фелипе Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдап, Испания құрамасының әлем чемпионатындағы жеңісіне құттықтауы үшін ризашылық білдірді.
Испания Королі VI Фелипе Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдап, онда Қазақстан басшысының Испания құрамасының футболдан әлем чемпионатындағы жеңісіне байланысты айтқан құттықтауы үшін шынайы ризашылығын білдірген. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Король VI Фелипе алғыс хатында Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекет басшысы ретіндегі жауапты қызметінде табыс тілеп, Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізген.
