Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды • Алматыда турист әйелге қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды • Алматыда турист әйелге қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді •

    19-20 тамызда ауа райы: жаңбыр, найзағай және ыстық

    Қазгидромет 19-20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Толық мәлімет Qazaqtoday.info сайтында.

    19-20 тамызда ауа райы: жаңбыр, найзағай және ыстық

    Сурет: madeniportal.kz

    «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, алдағы екі тәулікте республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбырлы күндер болады деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Синоптиктердің дерегінше, 19-20 тамызда еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, тіпті бұршақ түсуі де ықтимал. Тек оңтүстік аймақтарда ғана күн ашық болмақ. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.

    Айта кетерлігі, 19-20 тамызда солтүстік аймақтарда, ал 20 тамызда еліміздің орталығында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30…+38°C-қа дейін көтерілсе, Маңғыстау облысының кейбір аудандарында термометр +41°C-қа дейін көрсетеді.

    Ақтөбе облысында күндіз ауа +27…+35°C, Қостанай облысында +20…+30°C болса, солтүстік облыстарда +17…+22°C-қа дейін төмендейді. Орталық және шығыс өңірлерде күндіз +18…+30°C, ал елдің оңтүстігінде +30…+37°C жылы болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →