Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сингапурда пәтерін қоқыс басқан әйел төрт жыл баспалдақта ұйықтаған Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған Түркістанда бес қабатты үйде өрт: екі бала құтқарылды Қайтарылған 1,1 трлн теңге: әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестиция Журналист Гүлнар Бажкенова 8 жылға сотталды Сингапурда пәтерін қоқыс басқан әйел төрт жыл баспалдақта ұйықтаған Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған Түркістанда бес қабатты үйде өрт: екі бала құтқарылды Қайтарылған 1,1 трлн теңге: әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестиция Журналист Гүлнар Бажкенова 8 жылға сотталды

    Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды

    Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды. Полиция алаяқтық схемалардан сақ болуды ескертеді.

    Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды

    Сурет: turkystan.kz

    Ақмола облысының Сандықтау ауданында тұратын әйел интернеттегі алаяқтардың құрбаны болып, 10,2 млн теңгеден астам қаражатынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға әйелдің FIBO Markets LTD деп аталатын жалған инвестициялық платформаға тіркелуінен басталған. Өздерін «қаржылық кеңесшілер» деп таныстырған бейтаныс адамдар оны салған ақшасын бірнеше есеге көбейтуге болатынына сендірген.

    Жәбірленуші олардың нұсқауларын орындап, инвестиция көлемін біртіндеп арттыра берген. Мамыр мен шілде аралығында ол екі несие рәсімдеп, таныстарынан қарыз алып, барлық жинағын салған. Нәтижесінде алаяқтарға 10,2 млн теңгеден астам ақша аударған.

    Соңғы ақшаны аударғаннан кейін де әйел біраз уақыт инвестиция жасап жүрмін деп ойлаған. Алаяқтардың құрбаны болғанын бір айдан кейін ғана түсініп, полицияға арызданған.

    Құқық қорғау органдары мұндай схемаларда алаяқтардың нақты инвестициялық компаниялардың сайттарына ұқсас платформалар жасайтынын, жалған құжаттар көрсетіп, жеке кабинетте жалған табыстарды көрсететінін, осылайша жаңа құрбандарды ақша салуға итермелейтінін ескертеді.

    Полиция ақша салмас бұрын компанияның қызметін, ресми тіркелуін және лицензиясын тексеру қажеттігін, бейтаныс адамдардың кеңесімен несие алуға болмайтынын, ал «тәуекелсіз жоғары табыс» уәдесі алаяқтықтың белгісі екенін ескертті.

    Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →